387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда 19 мектепте инклюзивті бағыттағы білім беретін сыныптар ашылған

  • 257
  • UPD: 10:39, 15.10.2019
Түркістанда 19 мектепте инклюзивті бағыттағы білім беретін сыныптар ашылған

Түркістанда инклюзивті бағытта білім беретін мекемелердің саны артты.

Жақында қаладағы екі бірдей мектепте ерекше балаларға арналған сыныптар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда бүлдіршіндер психолог пен дефектолог және логопед сияқты мамандардармен жеке жұмыс істейді. Ал білімді өзге балалармен бірге алады. Бұл олардың қоғамға тез бейімділіп кетуіне көмектеседі. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобының Түркістан қаласында өткен кеңейтілген отырысында айтылды. Жалпы бүгінгі таңда облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі 1084 бала бар. 19 мектепте инклюзивті бағыттағы білім беретін сыныптар ашылған. Онда 217 оқушы басқа балалармен теңдей дәрежеде білім алып жатыр.

Ырысжан Рахметова, қалалық білім бөлімінің психологиялық жұмыс жөніндегі әдіскері:

- 9 балабақшада 68 бала қамтылып отыр. Қазіргі таңда 19 мектептен басқа 16 мектепте және №24 жалпы орта мектепте арнайы ресурстық орталық ашылып отыр. Бұл жердегі мақсатымыз – осы инклюзивті балаларды және сол маңда тұратын барлық осындай балаларды қамтып, жұмыс жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы