384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда автобуста ақы төлеуден жалтарғандардан 42 млн теңге өндірілді

  • 302
  • UPD: 11:37, 15.10.2019
Нұр-Сұлтанда автобуста ақы төлеуден жалтарғандардан 42 млн теңге өндірілді

«Астана LRT» өкілдерінің мәліметінше, 2019 жылы 10 айда жол ақысын төлеуден жалтарған 8 284 дерек тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz

10 айда айыппұл мөлшері 41 миллион 859 мың 450 теңге болды. Осы мерзімде тасымалдаушылар тарапынан 60 782 бұзушылық (жоспар орындамау) тіркелген. Оларға 109 миллион 351 мың 564 теңге айыппұл салынды.  Сондай-ақ, «Астана LRT» мәліметінше, жыл басынан бері автобус жүргізушілері 923 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Төрт жүргізушіні алты айға көлік жүргізу құқығынан айырған. Айыппұл мөлшері – 9 миллион 983 мың 575 теңге.  10 айда 986 жол-көлік оқиғасы болған. Оның 313-і автобус жүргізушісінің кесірінен болған. 150 адам зардап шеккен, екі адам қаза тапты. 

Хабар 24 телеарнасы