421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы қоғамдық көліктер жолақысы қымбаттамайды

  • 844
  • UPD: 13:46, 15.10.2019
Елордадағы қоғамдық көліктер жолақысы қымбаттамайды

«Астана LRT» компаниясының мамандары осылай деді. Қазір дизель құны айтарлықтай өскен, автобус саймандары да қымбаттады.

Сондықтан автобус парктерінің басшылығы жолақыны өсіруді талап еткен. Бірақ жолаушы тасымалымен айналысатын компания бағаны бірқалыпта ұстап тұруды ұйғарды. Олар баға өссе, тұрғындарға салмақ түсетінін айтады. «Сондықтан жақын күндері қоғамдық көліктерде жолақысы қымбатамайды», - деп сендірді.

Жеңіс Жалбыр, «Астана LRT» көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры:

- Жолақысы әзірге қымбаттамайды. Өйткені ең бірінші бұл – халықтың мүддесі. Қаламыздағы тұрғындардың басым бөлігі осы қоғамдық көліктерді пайдаланады. Сондықтан осы баға барлығына қолайлы.

Хабар 24 телеарнасы