427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында «Жасыл ел» еңбек жасағы маусымды қорытындылады

  • 830
  • UPD: 14:39, 15.10.2019

Ертіс өңірінде «Жасыл ел» студенттердің еңбек жасағы биылғы маусымын қорытындылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар әдеттегідей құрылыс нысандарында жұмыс істеді. Қаланы абаттандыру мен жасыл желек қорын ұлғайтуға өз үлестерін қосты. Биыл ұзын саны 2 мыңдай студент, мектеп оқушылары және жұмыссыз жүрген жастар еңбекке тартылған. «Жасыл ел» жасақтары жүз шақты жобаға атсалысты. Олардың ішінде Павлодарда салынып жатқан онкологиялық диспансердің құрылысы бар. «Жасыл ел» жасағына қатысушыларға 60 мың теңге көлемінде жалақы тағайындалған. Бұған қоса, республикалық штабтан 31 мың теңге қосымша қаржы төленді. Павлодардың еңбек жасақтары екінші жыл қатарынан республика бойынша үздік танылып отыр. Биыл бұл ұйым өзінің құрылғанына 15 жыл толғанын атап өтеді. Осы жылдар аралығында еңбек жасақтарында 25 мың сарбаз жұмыс істепті.

Светлана Гладышева, қала әкімінің орынбасары:

- 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстық «Жасыл ел» жасағы республика көлемінде алдыңғы орынға шықты. Сондықтан биылғы 15-мерейтойлық маусымды Павлодар аумағында жабуға керемет ұсыныс түсті. Біздің өңірге республикалық еңбек жасақтарынан өкілдер келеді деп күтілуде. Әрине, біз оларды қуанышпен қарсы аламыз.

Абай Уахит, облыстық «Жасыл ел» штабының аппарат басшысы:

- Павлодар облысында 2 мыңнан астам сарбаз жұмысқа тартылды.Орташа жалақыға тоқталып кеткен онда 60 мың теңге және де біздің тарапымыздан 31700 теңге республикалық жалақы. Одан басқа әртүрлі жұмыс берушілер болды. Құрылыс жасақтары, бізде ең көп жалақы ол құрылыс жасақтарында болды, 100 мың теңгеге жетті. Ол жерде айтып кетсек, 70 мың теңге. Сондай-сондай жалақылар болды.

 

Хабар 24 телеарнасы