427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жыл сайын 35 мың адамнан қатерлі ісік анықталады

  • 671
  • UPD: 15:21, 15.10.2019
Елімізде жыл сайын 35 мың адамнан қатерлі ісік анықталады

Елімізде қатерлі ісік ерте анықталмайтындықтан, бұл дерттен мерт болатындардың саны көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онкологиядағы дүниежүзілік көшбасшылар саммитіне қатысқан отандық мамандар осындай пікірде. Елімізде қазір обыр ауруына шалдыққан 180 мың адам тіркеуде тұр. Жыл сайын тағы 35 мың адамда қатерлі ісік анықталады. Оның жиі кездесетін түрлері сүт безі және өкпе обыры. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өкпе обырынан өлім-жітім көрсеткіші артып тұр. «Бұл саммиттің мақсаты – әлемдік дертпен күресте ортақтасып, емдеудің тиімді тәсілдерін пайдалану», - дейді онкологтар. Сондай-ақ дәрігерлер тұрғындарды жыл сайын тексеруден өтіп, өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырады. Елімізде биылдан бастап МРТ, УЗИ сынды медициналық тексерудерден тегін өтуге болады.

Мұратжан Сақтағанов, хирург-онколог дәрігер:

Әр мемлекеттің тәжірибесі бөлек. Оны біз олардың көрсеткішіне қарап анықтай аламыз. Әрине, Еуропа елдері, Америка елдерінің көрсеткіші қай жағынан жақсы. Оларда біріншіден ерте түрде анықталады. Бізде 5 жылдық арасы емделгеннен кейін науқастың көрсеткіші 51%-ке дейін жеткен. Шетелде, Американы алсақ, 80%. Соған қарағанда, біз ерте анықтап жатқан жоқпыз деп айта аламыз.

Хабар 24 телеарнасы