423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде құжаты талапқа сай емес 818 кәсіпкерлік нысан анықталды

  • 544
  • UPD: 15:16, 15.10.2019
Өскеменде құжаты талапқа сай емес 818 кәсіпкерлік нысан анықталды

Өскеменде сыртқы қасбетін жөндемеген нысан иелеріне айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімдігі қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге дүкен, дәмхана және басқа да коммерциялық бағыттағы нысандарды аралап, олардың қаланы көркейту заңындағы талап бойынша қаншалықты сай келетінін тексерді. Нәтижесінде рейдтің алғашқы күні жобалау құжаты мен жалпы сәулет құрылысына сәйкес келмейтін 818 кәсіпкерлік нысаны анықталды. Ғимараттың жобасына өз бетімен өзгеріс енгізген кәсіп иелеріне бірден айыппұл салынған жоқ. Кемшілікті жөндеу үшін уақыт берілді. Ал болашақта облыс орталығындағы сауда нүктелері бірыңғай дизайндік нақышта болады. Ол үшін бір типтік жоба салынбақ.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімнің баспасөз хатшысы:

- Құраманды қала сәулеті және қоғам белсенділері мен полиция қызметкерлері бар арнайы комиссия құрылды. Олар нысан иесі мен кәсіпкерге анықталған кемшілікті жою үшін уақыт береді. Заңда көресетілген мерзімі бар. Осы аралықта барлығын ортақ ережеге сай реттеуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы