388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы Зачаган кентінің тұрғындары әкімдіктен қалалық статус беруді сұрайды

  • 150
  • UPD: 15:56, 15.10.2019

Орал қаласының Зачаган кенттік округінде 52 мыңнан аса адам тұрады.

Оған қарасты 13 шағынаудан мен бір елді мекен тұрғындарын толғандырған сауалдар жыл санап оң шешімін тауып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абаттандыру мен көшелерді жарықтандыру және тұрғын үй кешені саласын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған. Дегенмен, күрмеулі мәселелер де жоқ емес. Мәселен, «Құс фабрикасы» аумағындағы 8500 тұрғынға ортақ проблема – ол үйлерінің саяжайда орналасуы. «Баспанамыз бау-бақша шаруашылығының аумағында болған соң оны сату былай тұрсын, кепілге де қоя алмаймыз», - дейді кент тұрғындары.

Серік Мұхамжаров, Зачаган кентінің тұрғыны:

- Сонымен бірге халықтың, көптеген адамдардың, біздерге қалалық статус берсе деген өтінішіміз бар. №10 мектеп өте қашық, екіншіден, №47 мектеп, сол екі мектепте бала көп, екі-үш ауысымда оқып жатыр. Сондықтан қалалық статус берсе, мектеп пен балабақша өзіміздің ауданнан салынып, қарым-қатынас жеңілдей ме деген үмітіміз бар.

Нұрболат Мұхитов, Зачаган кенті әкімінің орынбасары:

- Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған жер болғандықтан ол жер қазіргі уақытта қалалық аумағына алынбайды. Ол жөнінде ол біздің шешетін сұрақ емес. Оны Үкімет қарауы керек. Бұл саяжайлар қоғамдастығы болғандықтан, бірлестік болғандықтан өздерінің күн көріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы