423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда автобустарына кірген ұрылар автоматты түрде анықталады

  • 796
  • UPD: 15:27, 15.10.2019
Елорда автобустарына кірген ұрылар автоматты түрде анықталады тенгриньюс

Жол жүру ақысын төлеудің жаңа тәсілі автобустардағы ұрыларды бірден анықтайды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қара тізім болады. Құқық қорғау органдары іздеуге салған фотосуреттегі адам мінсе, бірден сигнал беріледі. «Astana LRT» оның қайда және қандай сигнал екенін анықтайды. Бізге аты-жөні мен ЖСН-сіз тек фотосуреттер керек. Фотосурет арқылы бұл адамның осы автобуста тұрғанын анықтаймыз», - деді «Ipay» негізін қалаушы Алмас Айменов.

Айтуынша, ұрының автобустарда жүргені анықталса, бірден Полиция департаментіне хабарлама жіберіледі.

«Бұл біздің балаларымыздың қауіпсіздігі. Бұл қызмет ыңғайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», - деді әзірлеуші.

Сонымен қатар елордада Face Pay жүйесі таныстырылған болатын. Telegram-ботқа ЖСН, селфи және автобус картасының көмегімен тіркеліп, автобустарда тек камераға бет-әлпетіңізді көрсету арқылы жол ақысын төлеуге болады.

Хабар 24 телеарнасы