384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласында жараланған 7 сапер ауруханадан шықты

  • 227
Арыс қаласында жараланған 7 сапер ауруханадан шықты тенгриньюс

21 қыркүйекте Арыстағы төтенше жағдайды жою кезінде зардап шеккен жеті сапер әскери ауруханадан шығарылды.

Қазіргі уақытта тағы үш сапер ауруханада жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауруханадан шығарылмас бұрын әскери қызметшілер әскери дәрігерлік тексерістен өтті. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар толық қалпына келтірілгенге дейін әскери қызметтен босатылады», - деді қорғаныс министрлігінің өкілдері.

Еске салсақ, 21 қыркүйекте арнайы топ Арыс қаласынан 60 шақырымда орналасқан арнайы-жабдықталған полигонның аумағында шетел сарапшыларының нұсқаулары мен ұсынымдарына сәйкес, жоспарлы жару жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жарылыс шұңқырының түбінде қол гранатасының тұтандырғыш бөлігі жарылып, әскери қызметшілер жарақаттар алған.

Хабар 24 телеарнасы