378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада балалар арбасын ұрлаумен айналысқан әйел ұсталды

  • 261
  • UPD: 16:18, 15.10.2019
Елордада балалар арбасын ұрлаумен айналысқан әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері бұрын сотталған 20 жастағы елорда тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Белгілі болғаны жас әйел ата-аналардың назарын ала беріп, балалар арбасын ұрлауды кәсіп еткен. Негізінен күндізгі уақытта арам пиғылын жүзеге асырған. Тұрғындардың күдігін туғызбаған ол ашық қалған кіреберістерге кіріп, төменгі қабатта тұрған балалар арбасын алып шығып отырған», – делінген департаменттің хабарламасында.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қолға түскен азаматшаның бұл қылығы алғашқы рет емес. Қазіргі уақытта оның екі рет ұрлық жасағаны дәлелденіп отыр.

Азаматшаның құқыққа қарсы әрекетінен зардап шеккен тұрғындар болса Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы ПД: 8 (7172) 71-60-69 немесе «102» бойынша хабарласуға болады.

Полицейлер азаматтарға өз жеке мүліктерінің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды ұсынады. Жеке мүліктерін аулада,кіреберістерде, дүкендер мен өзге де қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауды және мүліктерді арнайы сақтау үшін жабдықталған орындарға қоюды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы