388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі шағын аудан тұрғындары зауыт шаңына тұншығып отыр

  • 168
  • UPD: 18:30, 15.10.2019
Өскемендегі шағын аудан тұрғындары зауыт шаңына тұншығып отыр

Өскеменнің шетіндегі шағын ауданның тұрғындары қиыршық тас шығаратын зауыттың шаң-тозаңына тұншығып отыр.

Сол маңдағы халықтың айтуынша,  аулада бой жазуға да мүмкіндік жоқ. Әсіресе, балалары бар отбасылар қиналып отыр. Соңғы 1-2 айда терезе ашудың өзі қиындап кеткен. Күндіз ауланы шаң басса, түнде тас үгітетін диірменнің дауысы ұйқы бермейтін көрінеді. Ал зауыт сол маңдағы көпқабатты үйлерге таяқ тастам жерде тұр. Осының кесірінен қатты жел соққан күні үйлердің терезесіне қиыршық тас та тиеді. Жеке үйлерде тұратындардың көктемде салған бау-бақшасы шаң мен күл, топырақтың астында қалған. Тұншыққан тұрғындар облыстағы құзырлы органдарға шағым түсіргенімен, әзірге еш нәтиже болмай тұр.

Людмила Турнаева, қала тұрғыны:

-  Терезені ашу мүмкін емес. Жаз бойы тұншығып отырдық. Менің үйімдегі перделердің бәрін шаң мен ыс басып тұр. Түні бойы дыр-дыр, гүрс-гүрс ұйқы жоқ. Шаңның бәрі ұшады. 

Елена Полянцева, экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы:

-  Бізге осы кәсіпорынға қатысты тұрғындардан 8 шағым түсті. Олардың бәрін жинап, біз экология департаментіне бердік. Қазір кәсіпорын толық ашылу сатысы бойынша тексеруден өтіп жатыр. Тексеруден толық өткен соң ауаға шығаратын зиянды заттардың мөлшері нақты белгіленеді. Қазір ауаны ластады ма жоқ па, оның бәрі осы тексерістен соң анықталады.

Хабар 24 телеарнасы