429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде онкологиялық дерттен өлім-жітім азайды

  • 831
  • UPD: 00:02, 16.10.2019

Обыр дертінен көз жұматындар саны Семей өңірінде де азайып келеді. Осыдан 10 жыл бұрын жыл сайын мыңға жуық адам қайтыс болса, қазір бұл көрсеткіш 300-ге кеміген.

Бұл сырқаттың алдын алу шараларының нәтижесі. Заманауи құралдар мен мамандардың біліктілігін жетілдіру бағдарламасы да  ықпал етіп отыр. Алайда жергілікті тұрғындарды мазалап отырған күрделі мәселе бар. Ол ұзаққа созылып кеткен ядролық медицина орталығының құрылысы. Облыстық әкімдік бұл түйткілдің түйіні шешілетінін айтады.

Семейлік Любовь Латушко осыдан 3 жыл бұрын орталықтың табалдырығын алғаш аттапты. Денсаулығы сыр бере бастаған соң, білікті дәрігерлерге қаралған. Обыр дерті анықталысымен, дереу операция жасалып, кешенді емдеу шаралары қолға алынған. 

Любовь Латушко, қала тұрғыны:

- Ең бастысы қорықпау керек, күш жігеріңді жинап өмір үшін күресу керек. Міне үшінші жыл емделіп жүрмін. Нәтиже жаман емес, тәуірмін. Тұрғындарға айтарым, ауық-ауық тексеріліп тұрған жөн. Неғұрлым ерте анықтаса соғырлұм жеңіл болмақ. 

Нұргүл Аждарова, ядролық медицина және онкология орталығының бөлім меңгерушісі:

- Обыр дертін анықтау ол әр адамның өзіне байланысты. Егер де жыл сайын онколог дәрігерлердің айтуымен өтетін алдын алу тексерулерін, егерде скринигтік бағдарламалардан өтіп тұратын болса. Егерде әр емханада ашылған қарау кабинеттерінен өтіп тұрса, әрине халықтың ішінде ерте анықтау сатысы жоғары болар еді. Өкінішке орай, біздің халқымыздың арасында 20 пайызға жуығы кеш сатыда келіп жатады. 

Семейдегі радиациялық медицина және онкология орталығы 615 мың халыққа қызмет көрсетіп отыр. Жыл сайын мұнда мың жарым адамнан обыр дерті анықталады. Өкінішке қарай, 700-ге жуық науқас көз жұмады екен. Алайда бұл көрсеткіш 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда, едәуір төмендеген. Озық құрал-жабдықтар сатып алынуда, дәрі дәрмектер жеткілікті. Дәрігерлер де біліктілігін жыл сайын көтеріп отырады. 

Қуантқан Жабағин, ядролық медицина және онкология орталығы директорының орынбасары:

- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен биыл 14 дәрігер шетелдерде білімін жетілдіруде. 10 дәрігер Израильге аттандырылды және 4 дәрігер Польшаға аттандырылды. Күннен күнге жаңарып отырған медицина ол үнемі оқуды, үнемі талаптануды, үнемі ізденісті және жаңа аппараттармен қоса дәрігерлердің біліктілігін де арттыруды талап етеді. 

Семей халқы мен дәрігерлерді радиациялық медицина орталығының болашағы алаңдатады. Маңызды нысан 2013 жылы іске қосылуы тиіс еді, алайда 6 жылдан бері қаңырап бос тұр .Мердігерлер жауапсыздығынан жалпы құны 6 миллиард теңге тұратын орталық құрылысынан бірнеше кемшіліктер табылып, жобаға сай келмейді деп табылды. Қазір Денсаулық Сақтау министрлігі мен облыс әкімдігі құрылысты алдағы жылдары аяқтауды көздеп отыр. Егер орталық іске қосылса, Қазақстанда бұрын болмаған радиация көмегімен емдеу тәсілдері қолға алынады. 

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы