419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» Агенттігінің тілшілері ҚазҰУ-да шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр

  • 1017
  • UPD: 23:40, 15.10.2019

«Хабар» Агенттігінің тілшілері апта бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті студенттеріне шеберлік дәрістерін оқиды.

Бұл шара факультеттің құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. «Ұлттық рух ұясы» деп аталатын апталық барысында, телевизия саласындағы кәсіби мамандар өздерінің тәжірбиелерімен бөлісіп, журналистке қойылатын талаптар жайында сөз қозғады. «Хабар» Агенттігінің аудиториясында өткен бүгінгі дәрісті агенттіктің жаңалықтар бөлімінің тілшісі Ұлан Нарынбек оқыды. Ол жаңалықтар дайындаудағы шапшандылық пен агенттік ұсынып отырған тележобалар туралы ойымен бөлісіп, болашақ журналисттердің сұрақтарына жауап берді. Радио және тележурналисттердің шеберлік сабақтарына арналған бұл апталық, баспасөз және жаңа медиа сала мамандарының шеберлік дәрістеріне жалғаспақ.

Сағатбек Медеубекұлы, әл-Фараби атындағы қазұу  журналистика факультетінің деканы:

- Бұл өте маңызды. Өйткені қазіргі заманауи технология күн сайын өзгеріп, дамып отырған кезде сол даму үдерісіне ілесе отыру үшін, іс басында жүрген мамандармен тілдесу әлдеқайда пайдалы. Енді теориялық тұрғыдан аудиторияда, дәрісханаларда алған білім өз алдына, ал нақты істегі мамандардың айтқан тәжірбиесі өз алдына бір өте маңызды нәрсе. 

Назархан Уән, 2-курс студенті:

- Өз өмірлерінен өткен қызықты  оқиғаларын айту арқылы  кәсіби  журналистің бойынан табылу керек негізгі  қасиеттерді санамалай өткендей болды. Және де олардың  дәрістеріне біз болашақта журналисттік қызметті атқара отырып, оқиға болған жерден дер кезінде  табыла отырып, ақпаратты қалай  да шағын,  қысқа да нұсқа ете және де  уақытысында қалай беру керек екенін біз түсіндік.

Хабар 24 телеарнасы