388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылы еліміз бойынша тұңғыш рет полипропилен өндіріледі

  • 165
  • UPD: 00:11, 16.10.2019

Атырауда «Біріккен қазақстандық кешен құрылысы» атты форум өтті. Жиында елімізде тұңғыш қолға алынған интеграцияланған газ химиясы кешеніндегі қазақстандық үлесті арттырудың жолдары сарапқа салынды. 

Атап айтсақ, отандық компаниялардың машина жасау, электротехникалық қондырғылар және құрылыс саласындағы әлеуеті. Жобалардағы отандық үлесті арттыру мәселелері де сөз болды. Бұған дейін шетелдерде біліктілігін шыңдаған отандық мамандар мен күрделі мұнай-газ жобаларында тәжірибеден өткен қазақстандық компаниялардың қазіргі мүмкіндігі туралы тілшіміз әңгімелесін. 

Бұған дейін алыс шетелдерден тасымалданып келген мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті қондырғылар енді қазақстанда өндіріле бастады. Түрлі сорғылар, құбырлар мен кабельдерді отандық компаниялра шығарады. Сапасы жоғары, бағасы арзан. Отандық кәсіпорындар қазірдің өзінде батыс аймақтағы ірі мұнай жобаларынан тапсырыс қабылдай бастады. Соның бірі «Атырау мұнай машиналары зауыты диамтері 8 метр, салмағы 1200 тонна болатын сплитер құрастырып шығарды. Бұрын-соңды мұндай тапсырыс қазақстандық компанияларға берілмейтін. Форум жұмысында болашақ жобаларға қатысуға ниетті отандық компаниялардың қабілет-қарымы тыңдалды. 

Қайрат Оразбаев, «KPI» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Бұл форумның негізгі мақсаты қазақстандық үлесті дамыту жөніндегі жұмыстарды баяндап беру. Екіншіден болашақ контарктілерге қол қою. Үшіншіден потениалды тағы да қазақстандық қай зауыттары болашақ ҚМГ жобаларына қатыса алады. Соларды анықтау. 

Жыл санап, отандық кәсіпорындардың әлеуеті артып келеді. Еліміздегі зауыттарды аралаған жобаның бас мердігері отандық компаниялармен жұмыс істеуге дайынбыз дейді. Бүгінде Қазақстанда өндірілген көптеген  қондырғылар мен өнімдер халықаралық стандарттарға толық жауап бере алады.  

Назира Қыдырова, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басқармасының басшысы: 

- Бүгінгі форумның тағы бір мақсаты кәсіпорындардың тек өз өнімдерін өткізуші ғана емес, болашақта полипропиленнен басқа да тауарлар түрін шығаруға  мүмкіндік беріліп отырғандығын жеткізу. Сонда ғана мұнай химиясы саласында терең өңдеу жобалары жүзеге асырылады. Атырауда 2021 жылы еліміз бойынша тұңғыш рет полипропилен өндіріле бастайды. Бүгінгі әлемдік нарықта полимер бұйымдарына деген сұраныс өте жоғары. Қарапайым қаламсаптан бастап, ұшақтың күрделі бөлшектеріне дейін шығаратын жобаға қатысуға тек үздіктердің үздігі дәмелі бола алады.     

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы