388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Ресей сауда айналымы 12 млрд доллардан асты

  • 241
  • UPD: 00:07, 16.10.2019

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 0, 8 процентке өсіп, 12,2 млрд долларға жетті.

Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі. Көршілер де біздің елмен берік байланыс орнатқан.  Екі ел арасында ортақ мәселелер де жоқ емес. Мысалы, санитарлық-ветеринарлық бақылау жүйесін жетілдіру, шекара-өткізу пункттерін жаңғырту, өзендерді бірлесе тазарту сияқты маңызды проблемалар бар. Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 21-отырысында әр саладағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Отын-энергетика, ауылшаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет пен туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы жан-жақты айтылды. Мысалы, бір ғана Омбы облысымен өзен арқылы тауар тасымалын дамыту мәселесі тұр. Ол үшін Ертіс өзенінің арнасын кеңейтіп, табанын тазарту қажет.

Александр Бурков, РФ Омбы облысының губернаторы:

- Омск облысына келетін тауарлардың 80 проценті Қазақстанға тиесілі. Оның ішінде өзен арқылы тауар тасымалы маңызды болып отыр. Қазақстанның Семей қаласы, Павлодар облысымен осындай байланыс бар. Ол үшін болашақта Ертіс өзені табанын тазалау керек. Екі жақтан бірлескен шаралар болса. Одан кейін Ресей жағы шекар-өткізу пункттерін де жаңғыртулары керек деп ойлаймын.

Әлихан Смайлов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Екі ел арасында іскерлік байланыс орнаған. Қазақстанда қазір ресейдік 6800 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 3200 бірлескен кәсіпорындар бар. 2005 жылдан бері Ресей Қазақстанның экономикасына 14 млрд доллар инвестиция құйды. Өз кезегінде, Қазақстан 4 млрд доллар қаржы жұмсады.  Бұл бірлескен жұмыстардың нәтижесі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы