388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жемқорларды елге қайтаруға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды

  • 246
  • UPD: 00:44, 16.10.2019

Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына ((GRECO)) кіру туралы келісімге қол қойды.

Қол қою рәсімі Страсбургте өтті. ГРЕКО 20 жыл бұрын Еуропа кеңесінің бастамасымен құрылған. Негізгі міндеттері - сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу мен анықтау бойынша тәжірибе алмасу және оған қарсы күрес әдістерін жақсарту. Қазақстан ұйым құрамына кірген 50-мемлекет. Мүшелік ету арқасында еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ең үздік еуропалық тәжірибелерді енгізе алады.

Алик Шпекбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Біріншіден, енді біз осы келісімді ратификация жасауға тиістіміз. Мүмкіндік болса, жылдың аяғына дейін. Одан кейін ендігі жылы біз енді мына Еуропа кеңесінің конвенциялары бар - қылмыстық жауапкершілік сыбайлас жемқорлық үшін. Соған кіргеннен кейін біздің одан да жоғары мүмкіндіктеріміз болады. Ең біріншіден, бізге мүмкіндік болады құқықтық қолдау көрсету, көмек көрсету дегендей. Екіншіден, мына қылмыскерлерді қайтару және мына жымқырған қаражаттарды тағы орнына, мемлекетке қайтару дегендей. 

Джанлука Эспозито, GRECO атқарушы хатшысы:

- Мен Қазақстанның ГРЕКО келісіміне қол қоюын қолдаймын. Соның нәтижесінде елдеріңіз ұйымның толыққанды мүшесі ретінде тағы бір қадам алға басты. Тәжірибе алмасу тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетін арттыруға өз септігін тигізеді. Бұл Қазақстан үшін де, Еуропа кеңесі үшін де тиімді.

Хабар 24 телеарнасы