388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қоғамдық көліктің жартысынан астамы әбден ескірген

  • 154
  • UPD: 23:38, 15.10.2019
ШҚО-да қоғамдық көліктің жартысынан астамы әбден ескірген

Шығыс Қазақстан облысындағы қоғамдық көліктердің 65 проценті әбден ескірген. Автобустардың зауыттан шыққаннан бергі қолдану уақыты 8 жылдан баяғыда асқан.

Жүргенінен тұрғаны көп. Осы ақаулықтардың кесірінен жол-көлік оқиғасы да көбейген. Жалпы, облыс бойынша жыл басынан бері 764 көлік апаты болып, 104 адам көз жұмса, 1114 жолаушы түрлі жарақат алған. Сондықтан жолаушылар тасымалдайтын көліктердің техникалық жағдайын тексеруден өткізу үшін облыстық полиция департаменті қазанның 10 мен 17 аралығында алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Бес күн ішінде 1240 автобусты тексеріп, 1032–інен түрлі техникалық ақау анықтаған. 

Еркін Әнуарбеков, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Көбінде автобустарға зерттеу жүргізген кезде 1998-1999 жылғы автобустар әлі бізде айналымда жүр. Осы автобустардың кесірінен зиянынан  жол-көлік оқиғалары болып жатады.   Яғни 20 жағдайда автобустарды тасымалдаудан алып тастадық. Түрлі себептермен. Өйткені заңсыз түрде өздерінің автобустарына конструкторлық өзгерістер енгізген. Бізге белгісіз себептермен.

Хабар 24 телеарнасы