388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жол ережесі жиі бұзылатын қалалар анықталды

  • 177
  • UPD: 23:58, 15.10.2019
Маңғыстау облысында жол ережесі жиі бұзылатын қалалар анықталды

Маңғыстау облысында өзге аудандарға қарағанда Ақтау және Жаңаөзен қаласының автобус жүргізушілері мен таксишілері жол ережесін жиі бұзады екен.

Көлік иелері жолда телефонмен сөйлесіп, қауіпті қозғалыстар жасайды. Сондай-ақ автобусқа қосымша орындық қойып, жолаушыны шамадан тыс отрығызады. Аймақ полицейлері «Автобус» жедел-профилактикалық шарасын өткізіп, үш күнде заң бұзған 270 жүргізушіні ұстады.  

Сырым Қуантқан, жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары:

- Іс-шараның 3 күнінде облыс бойынша 571 әкімшілік хаттама анықталып, 2019 жылдың 9 айында автобус парктерінің лауазымды тұлғаларына 77 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл ретте, әсіресе, жылдамдықты арттыру, озып кету, маневр жасау, қауіпсіздік белдігін және телефондарды пайдалану қағидаларын бұзу деректері орын алуда. Айта кетерлігі жүргізушілердің жол қозғалысының тәртібін қатаң сақтауларын сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы