432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қатты қағаз, шыны, темір қалдықтарын қайта өңдеуге қабылдайтын мобильді қосымша іске қосылды

  • 1773
  • UPD: 17:30, 16.10.2019
Қатты қағаз, шыны, темір қалдықтарын қайта өңдеуге қабылдайтын мобильді қосымша іске қосылды app22

Алматыда қалдықтарды қайта өңдеуге арналған EcoLom мобильді қосымшасы іске қосылды.

Бұл қосымша арқылы тұтынушылар макулатура, шыны, пластик және т.б. заттарды ұсынып, оны белгілі бір материалдар өңдейтін компаниялар сатып алады.

Экологиялық жобаны «Монолит» компаниясы құрастырған. Құрастырушылардың айтуынша, қосымшаның негізгі идеясы - қоқысты қайта өңдеуге шақыру.

Компания директоры Талғат Асанқұловтың түсіндіруінше, бағдарлама жақында еліміздің бүкіл аймақтарында жұмыс істейді.

«Күніне 3-4 тонна шыны, 1-2 тонна картон, 60 тонна металл сынықтары өтеді», - деді ол.

Қазіргі уақытта қосымшаны қайта өңдеуге қабылдайтын 50-ге жуық алматылық кәсіпкер қолданады.

EcoLom қосымшасы App Store және Google Play жүйелері арқылы қолжетімді.

Хабар 24 телеарнасы