388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда алғаш рет «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумы өтті

  • 166
  • UPD: 17:50, 16.10.2019
Қазақстанда алғаш рет «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумы өтті mfa.gov.kz

Қазақстанда алғаш рет өткен «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумында су ресурстарын басқару, техникалық стандарттау, «жасыл» энергетика және ақпараттық технологиялар салаларындағы Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ елдерімен бауырлас тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ ОАКР шеңберіндегі диалог аталған үдеріске толығымен ықпал етеді», - деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Сонымен қатар форум алаңы Орталық Азияның Корея Республикасымен қарым-қатынасын және аймақтық өзара іс-қимылды нығайтудың тиімді тетігіне айналатынын атап өтті. 

Форумға Корея Республикасының, Қырғызстанның, Тәжікстан мен Өзбекстанның сыртқы істер министрлері қатысты. Ал Түрікменстан тарапынан осы елдің Қазақстандағы Елшісі Тойлы Комеков қатысты.

Сондай-ақ екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Корея бизнес-консультациялары өтті.  Іс-шара нәтижесінде Сыртқы істер министрлері Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ету ниетін растады.

Форум хатшылығының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданып, оған көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастық жобалары кірді.

Хабар 24 телеарнасы