384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәурен Абаев: Ең күрделі мәселені қоғамдық талқыға салып, мәміле арқылы шешу қажет

  • 248
  • UPD: 18:04, 16.10.2019
Дәурен Абаев: Ең күрделі мәселені қоғамдық талқыға салып, мәміле арқылы шешу қажет

Бейбітшілік пен татулықты, этносаралық бірлікті насихаттауда Қазақстан өзгелерге үлгі боларлық деңгейге жетті.

Түрлі дін өкілдері мен ұлысты бір шаңырақ астына біріктірген еліміз бір мақсат жолында жасампаздыққа ұмтылып келеді.

1992 жылдан бері елімізде 18 қазанда Рухани келісім күні ретінде аталып өтіледі. Бүгін дәстүрлі дін өкілдері мен қоғам қайраткерлері және жастар ұйымының белсенділері бас қосып, атаулы күннің мән-маңызын талқыға салды. «Жат ағымдардың жетегінде кетпеу үшін жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру маңызды. Барлық қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, этносаралық және дінаралық келісімді насихаттау қажет. Еліміз бір мақсатқа жұмылған біртұтас ұлт қағидасына ұмтылады», - дейді сарапшылар.

Әлеуметтік үйлесім болған жерде бейбітшілік пен қоғамдық келісім бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ең күрделі мәселені қоғамдық талқыға салып, көзқарас қайшылықтарын кикілжіңмен емес, мәміле арқылы шешу қажет деп санайды. Қоғамдық сананы жаңғыртуда жүйелі жұмыстар тоқтамауы тиіс.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиі айтатын сөзі бар: «Бейбітшілік және келісім – бұл біздің тәуелсіздігіміздің ең басты жетістігі». Шынында да жетістікке жеттік. Біздің бірліктің шынайы екеніне күмәнмен қарайтындар қателеседі. Бұл халқымыздың жылдар бойғы жасампаз еңбегінің нәтижесі. Бұл байлық пен игілік, бұл баға жетпес құндылық, біз оны кез келген озбырлықтан қорғап сақтауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы