387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан GRECO құрамына кіру туралы келісімге қол қойды

  • 167
  • UPD: 19:27, 16.10.2019

Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына кіру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қол қою рәсімі Страсбургте өтті. GRECO 20 жыл бұрын Еуропа кеңесінің бастамасымен құрылған. Негізгі міндеттері – сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу мен анықтау бойынша тәжірибе алмасу және оған қарсы күрес әдістерін жақсарту. Қазақстан ұйым құрамына кірген 50-ші мемлекет. Мүшелік ету арқасында еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ең үздік еуропалық тәжірибелерді енгізе алады.

Алик Шпекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Біріншіден, енді біз осы келісімді ратификация жасауға тиіспіз. Мүмкіндік болса, жылдың аяғына дейін. Одан кейін ендігі жылы біз Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілігі бар. Соған кіргеннен кейін біздің одан да жоғары мүмкіндіктеріміз болады. Ең біріншіден бізге құқықтық қолдау көрсету, көмек көрсету мүмкіндігі болады. Екіншіден, мына қылмыскерлерді қайтару және жымқырған қаражаттарды тағы орнына, мемлекетке қайтару жүзеге асырылады.

Джанлука Эспозито, GRECO атқарушы хатшысы:

- Мен Қазақстанның GRECO келісіміне қол қоюын қолдаймын. Соның нәтижесінде елдеріңіз ұйымның толыққанды мүшесі ретінде тағы бір қадам алға басты. Тәжірибе алмасу тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетін арттыруға өз септігін тигізеді. Бұл Қазақстан үшін де, Еуропа кеңесі үшін де тиімді.

Хабар 24 телеарнасы