430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы «Жұлдыздар аллеясы» жаңа есіммен толықты

  • 767
  • UPD: 19:06, 16.10.2019
Қарағандыдағы «Жұлдыздар аллеясы» жаңа есіммен толықты

Қарағандыдағы «Жұлдыздар аллеясы» тағы бір жаңа есіммен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованың есімі ескерткіш тақтағы алтын әріптермен жазылып, әншіге арнайы сертификат табысталды. Өнер майталманы еліміздегі мәдениет саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Айта кетейік, бұл – аллеядағы оныншы тақта. Бұған дейін дәл осы жерде Бибігүл Төлегеноваға, Роза Рымбаеваға, Қайрат Байбосыновқа, Ескендір Хасанғалиевке және аты аңызға айналған «Дос Мұқасан» тобына құрмет белгісі қойылған болатын. Бұл күні сондай-ақ «Шалқыма» концерт залында «Әуенді Сарыарқа» фестивалінің ашылу салтанаты өтіп, онда әйгілі әнші симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен керемет концерт берді. Қарағандылықтарға рухани кеш сыйлады.

Жәния Әубәкірова, Қазақстанның халық әртісі:

Бүгін жақсы көретін қарағандылықтармен кездестім, оларға концерт қойдым. Олар мені қолдайды, әр келген сайын жылы кездесу болады. Кеше ғана Тәттімбет атындағы музыкалық колледжде мастер-класс өткіздім. Ертең екі университетте кездесу жасаймын, кітабымның тұсаукесерін өткіземін. Мен бақытты адаммын.

Хабар 24 телеарнасы