387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемен наубайханаларындағы кіріс азайған

  • 206
  • UPD: 08:33, 17.10.2019
Өскемен наубайханаларындағы кіріс азайған

Шығыс Қазақстан облысында  жуық арада нан бағасы 5 теңгеге жоғарлауы мүмкін. Қазір өңірдегі наубайханаларда кіріс азайған.

Өйткені олар ұнды бұрынғыдан 20-25 теңгеге қымбатқа сатып алып отыр. Ал бұның соңы ас атасының қымбаттауына әкеп соғатыны анық. Жалпы сарапшылардың пайымдауынша,бұл жағдай елдегі бидай құнының шарықтауымен де байланысты. Дегенмен облыста   егін бітік шықты деуге негіз бар. Аймақта қамбаға биыл  900 мың  тонна  дәнді дақыл жиналды. Бұл өткен жылғыдан 120 мың тоннаға артық. Алайда ел бойынша егістіктің нашар болуына алаңдаған диқандар әзірге әліптің артын бағып, астықтарын сатуға асығар емес. 

Владимир Гайламазян,  ауылшаруашылық басқармасы бастығының м.а.:

- Ұн әрине қымбаттап кетті,өйткені диқандар қамбағады астықтарын бұдан да жоғары бағаға өткіземіз деп ұстап отыр. Осының салдарынан тапшылық  байқалып жатыр.Егер шаруалар  бидайды  әлі де сатпай ұстап отырса ұн бағасы  тағы өсуі мүмкін. Жыл басында көтерме саудада ұнның бір келісі 80-75 теңге болған еді, қазір 101 теңге.

Хабар 24 телеарнасы