388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында қант бағасы тұрақты

  • 195
  • UPD: 09:34, 17.10.2019

Нанның қымбаттауы қант бағасының көтерілуіне ықпал ете ме? 14 мың гектаға қант қызылшасын себетін аймақта баға тұрақтылығын сақтау үшін қандай шаралар қабылданды? 

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы күн сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке мониторинг жүргізіп отырады. Сала мамандарының айтуынша өңірдегі қант бағасы көтерілмеген. 

Айгүл Ыдырысова, облыстық кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Облыс әкімінің қаулысы негізінде 2019 жылға қанттың ең төменгі бағасы бекітілген болатын. Осы жылдың төртінші тоқсанында қант құны 243 теңгеден  аспауы тиіс. Біздің өңірде қант қымбаттаған жоқ арзандады.   Өткен жылмен салыстырғанда 5,7 теңгеге төмендегені байқалады. 

Қала тұрғындарының пікірінше дүкендерде  қант бағасы  әр түрлі. Мәселен ірі орталықтарда арзандау болса, шаһар сыртындағы сауда орындарында сәл қымбатырақ.  

Самал Кеңесбек, қала тұрғыны:

- Екі жыл ма, үш жыл ма осы жерден алып жүрмін. Сол себептен осы жерден алам. Өз үйіміздің жанында үш жүз теңге.  

Александр Косолапов, қала тұрғыны:

- Бұрын қымбат болатын. Қазір арзандады. Үйіміздің жанында дүкен бар. Онда 200-300 теңге көлемінде сатылады.  

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жататын қантқа сұраныс жоғары. Отандық өнім тұрған сөреден адам қарасы арылған емес. 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Жазда Талдықорғандағы сауда орындарында қант 200 теңгеден сатылған болатын. Ал құмшекердің қазіргі құны 175 теңге. Тауар бағасының тұрақты болуы немесе өсуі өнім өндірушілердің жұмсаған шығына байланысты болмақ.  

Осы жылы Алматы облысындағы 14 мың гектар алқапқа қант қызылшасы себілді. Бүгінгі күнге дейін соның үштен бір бөлігі жиналды. Зауыт тәтті түбірдің әр тоннасын 8 мың теңгеден қабылдаса, мемлекет  10 мың теңге субсидия беріп отыр. Жиналған  өнім қазір өңделе бастады. Оның бағасы туралы айту әзірге ертерек дейді зауыт директоры. 

Алтынбек Абатов, қант зауытының директоры: 

- Қазір бәрі қымбаттап жатыр. ГСМ да. Басқа құрал саймандарымыз қымбат. Шетелден әкелетін құралдар бар. Оларда қымбаттап кетті. Сондықтан нақты мынандай неде істеуге болады деу қиын.  

Өткен жылы облыстық  тұрақтандыру қоры 200 млн теңгеге  1170 тонна қант сатып алған болатын. Қоймаларға сақталған тауардың тең жартысына жуығы өткізілді.  

Диас Бейсенбек, «Жетісу» ӘКК баспасөз хатшысы:

- Өткен жылы қантты 215 теңгеден саттық. Ал,осы жылдың  басынан бері 500 тоннасын 190 теңгеден нарыққа шығардық. Жыл соңына дейін 180 теңгеден өткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің мақсат қант жетіспеушілігін болдырмау және баға тұрақтылығын қамтамассыз ету.

Осы жылы облыстық тұрақтандыру қоры 2 мың тонна қантты сатып алмақ. Отандық өнім құмшекер қымбаттай бастағанда сауда орындарына жеткізіліп, баға тұрақтылығын қамтамассыз етпек. Жалпы өңірде биыл 600 мың тонна тәтті түбір жиналып, 50 мың тонна қант алу жоспарланып отыр. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы