384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбенің тұрақтандыру қорына мол өнім жиналды

  • 264
  • UPD: 09:02, 17.10.2019
Ақтөбенің тұрақтандыру қорына мол өнім жиналды

Ақтөбенің тұрақтандыру қорына екі мың тоннаға жуық көкөніс өнімдері жиналды. Бұл қыс мезгілінде базардағы бағаның өзгермеуіне оң әсер етпек.

Себебі қоймаларға сақталған көкөніс түрлері мол. Мәселен, жылдағыға қарағанда картоп 400, ал қырыққабат 20 тоннаға артық жиналды. Бұдан өзге облыстық тұрақтандыру қорында жергілікті жерде өсірілген пияз және сәбіз бар. Биыл шаруа қожалықтарынан көкөніс сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 80 млн теңге бөлінген. Бұдан өзге мол көлемде  бірінші сұрыпты ұн, өсімдік майы және қант сақталған. Алдағы уақытта күріш және қарақұмықпен толықтыру жоспарда бар. Бұл азық-түлік өнімдері желтоқсан мен наурыз айлары аралығында саудаға шығарылады.

Ермек Батинов, «Ақтөбе» ӘКК агроөнеркәсіп кешені басқармасының басшысы:

- Бағаны тұрақтандыруға әрине әсері болады. Бұл өнімдерді біз фьючерстік келісім-шарттар арқылы алдын-ала ақшасын төлеу арқылы сатып аламыз арзан бағамен. Сосын қоймаға салғаннан кейін маусым аралық кезеңде бес айда қыста қаладағы өзіміздің шағын базарлар бар, әлеуметтік желілер бар солар арқылы нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылады бұл өнімдер.

Хабар 24 телеарнасы