388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облыстық ҚХА өкілдері «Жаңғырған ауыл» аясында Бесарыққа барды

  • 242
  • UPD: 09:11, 17.10.2019
Қызылорда облыстық ҚХА өкілдері «Жаңғырған ауыл» аясында Бесарыққа барды

Жастар неге ауылды жатырқайды? Студент көкейіндегі  сауалдың жауабын табуға Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді.

Олар бір топ болашақ ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арнап, «Жаңғырған ауыл» республикалық жобасы аясында Сырдария ауданының Бесарық ауылына саяхат ұйымдастырды. Шара барасында жас буын облыстағы іргелі шаруашылықтардың бірінің жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын күріш өндіріп ғана қоймай, ет, сүт өнімдерін дайындап, құрылыс материалдарын да шығарады. Соңғы 12 жылдан бері шаруашылық табысының 10-15 процентін, яғни 300 миллион теңгедей қаржысын ауыл әлеуетін көтеру мақсатындағы шараларға жұмсаған. Бүгінде Бесарық – Сыр өңіріндегі қаладай гүлденген ауылдардың біріне айналып үлгерді. 

Дәулет Сәрсенбаев, шаруа қожалығының төрағасы:

- Жастарға үлкен өенеге, тәрбие көрсетіп жатырмыз. Бізде қазір комбайн айдауға жастар келіп жатыр. Қызығады, осындай болсам деп армандайды ғой. Кім біледі, бұлардың да арасынан жақсы кәсіпкер шығып кетуі мүмкін. 

Артур Ли, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі:

- Маған барлығы ұнады. Табысты еңбек етіп, ауыл тұрмысының жақсаруына, көркеюіне үлес қосқан азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Мен де болашақта соларға ұқсап, туған жерімді, ауылды гүлдендіруге атсалысқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы