385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның 100 жаңа есімі. Махаббат Есен бұл санатқа кім лайықты екенін айтты

  • 220
  • UPD: 10:33, 17.10.2019
Қазақстанның 100 жаңа есімі. Махаббат Есен бұл санатқа кім лайықты екенін айтты

Елімізде «100 жаңа есім»  жобасы жалғасуда. Жалпы бұл санатқа кіруге кімдер лайықты? Олар өзгелерден қандай қабілет-қарімымен дараланады? Жалпы жобаға лайықты есімдер қалай анықталады?

Өзі де «100 жаңа есімге» енген журналист Махаббат Есен осы сұрақтар төңірегінде ойымен бөлісті. Алматыдағы  Назарбаев зияткерлік мектебінінң оқушыларымен кездесіп, шеберлік дәрісін өткізді. Журналистің айтуынша жастар өмірде белгілі бір жетістіктерге жеткен,  әр күнін жеңіске жетелейтін істерге арнайтын, өнерлі, жеті қырлы, бір сырлы адамдарды үлгі тұту керек.  Қазір өзі «Бюро 100» жобасына жетекшілік етеді. Ұйым мақсаты елімізде ерекше қабілеті бар еңбексүйгіш жандарды табу. 

Әли Стамбаев, оқушы:

- Жалпы алғанда 100 жаңа есім жобасы мен үшін өте қызықты және қоғамға зор пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Себебі осындай жобаның арқасында біздің халқымыз ел ішіндегі мықтыларды біле алады. Және де халық арасындағы көшбасшыларды тани алады.

Хабар 24 телеарнасы