388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында егін орағы аяқталды

  • 171
  • UPD: 11:45, 17.10.2019
Қостанай облысында егін орағы аяқталды

Диқандар ел қамбасына 3 миллион тоннадай астық құйды. Бұл былтырға қарағанда екі миллион тоннаға кем.

Гектарынан орташа есеппен 7,6 центнер өнім алынды. Қамбаға құйылған ел ырысы бидайдың 68 проценті үшінші классқа жатқызылады. Ал майлы дақылдардың жиын-терімі жалғасып жатыр. Алқаптардан рапс, зығырдың жартысынан көбі жиналды. Естеріңізге сала кетсек, жазғы аптап ыстықтан облыстағы 74 мың гектар алқап күйіп кеткен. Бүгінде жүздеген шаруа сақтандыру төлемақысына қол жеткізген. 

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ сатып алу бағаларын жариялаған үшінші класс бидайға. Үшінші классқа 70-75 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз бидайларын сатуға бүгінгі күнге асықпайды. Өйткені бағаның көтерілуін күтуде көбісі. Астық нарығында баға тұрақты емес. Әлі қалыптасқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы