429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте бағаны бірден бірнеше мемлекеттік басқарма қадағалайды

  • 595
  • UPD: 13:34, 17.10.2019

Беларусь Республикасы нарықты қатаң бақылауда ұстайды. Дүкен сөрелеріндегі бағаларды қадағалайтын бірден бірнеше мемлекеттік басқарма бар. Заң бұзғандарға – айыппұл салынады. Оған құлақ аспаса, заңды белден басса, кәсібі жабылады.

Беларусьтегі баға саясаты үкімет бақылауында. Елдегі сауда министрлігі азық-түлік бағасын белгілеуді сауда жүйелеріне тапсырғалы бері билікті сынаушылар сап тыйылды. Наразылық танытқан тұтныушылар саны да азайды. Өйткені әлгі қадамнан кейін бағаның қымбаттауы 0,5 процентке төмендеген. Ет, сүт, нан секілді өнімдер тіпті бір жарым есеге арзандады. 

Георгий Гриц, саясаттанушы, экономист:

- Біздің елде бағаны реттеу екі механизм бойынша жүзеге асады. Біріншісі тауардың құнын кәсіпорыннан белгілеу. Әсіресе, әлеуметтік тұрғыда қажетті өнімдерге. Екіншісі – алып-сатарлардың үстемесін қатаң қадағалау. Министрліктің ережесіне сай ол 30 проценттен аспауы тиіс. 

Осылайша монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі мөлшерлі шекті белгілеп, дүкендерден сол бағаны ұстауды талап етті. Жүргізілген тексерулер бойынша кәсіпкерлердің басым бөлігі осы ережеге бағынып отыр. Дегенмен, бағаның негізсіз қымбаттату деректері де тіркелді. Ол көкөніс пен жеміс-жидек саудасында. Бұл қажетті өнім бағасының өсуі зейнеткерлер мен табыс деңгейі төмен отбасылардың қалтасына ауырлық салған. 

Олег Чесалов, Беларусь ұлттық жиналысы өкілдер палатасы депутатының көмекшісі:

- Бағаны жергілікті орындаушы комитеттер қадағалай алады. Ал, министрлердің кеңесі бойынша азық-түлік бағасына белгілі меже қойылады. Егер сауда орындары бұл заңға бағынбаса министрлік іске қосылады. Мониторинг жүргізіп, бағаның қымбаттауына шектеу қояды. 

Соңғы 10 айда заңға қайшы әрекет еткендердің 70 проценті нарықта алаяқтыққа барғандар. Мәселен, химия заттарының маркасын өзгерту. Кәсіпкер Беларусьте заңсыз өндірілген өнімді «Германияда жасалған» маркасымен сатып келген. Айта кетейік, бұндай заңбұзушылық үшін жауаптылар 10жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы