385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде экологиялық әкімшілік айыппұл 10 есеге өседі

  • 260
  • UPD: 15:10, 17.10.2019
Елімізде экологиялық әкімшілік айыппұл 10 есеге өседі

Биыл желтоқсан айында Қазақстан Республикасының экологиялық кодекс жобасы Парламент қарауына ұсынылады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Құжатты әзірлеу жұмыстары былтыр қолға алынған болатын. Экологиялық кодексті жетілдірудегі басты мақсаттардың бірі – қоршаған ортаны ластаушы ірі кәсіпорындарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру және оларға салынатын айыппұл мөлшерін арттыру. Сондай-ақ, «Жасыл экономика» саясаты шеңберінде халық денсаулығына баса мән беру, азаматтардың өмір сүру жасын ұзарту. Бұл туралы бүгін баспасөз жиынында экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары - Ахметжан Пірімқұлов айтты. Оның сөзінше, жаңа құжат жыл бойы талқыланып, 2021 жылы енгізіледі.

Ахметжан Пірімқұлов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

– Бірінші санаттағы кәсіпорындар республика бойынша бізде 2 мыңға жуық үлкен бірінші санаттағы кәсіпорын бар. Әр регионның өзінің үлкен кәсіпорындары бар. Атырау облысында ТенгизШевройл, Қарағандыда ҚазақМыс, ШҚО-да ҚазЦинк, Павлодар Алюминий зауыты. Оның бәрін айта берсек тізімі бар.

Хабар 24 телеарнасы