388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ТЖД қызметкерлері өрттің алдын алу шарасын өткізді

  • 167
Алматыда ТЖД қызметкерлері өрттің алдын алу шарасын өткізді

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке тұрғын үй секторындағы өрт пен ыстан улану оқиғаларының алдын алу мақсатында «Көмек қолы» шарасын өткізді.

Олар тағдырдың жазуымен мүгедек арбасына таңылған жандар мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың үйлерін аралап, пеш пен мұржаларын тазалауда. Алматы облысы аумағында көмірмен жылытылатын 370 мың үй болса, соның 40 мыңы қоғамның әлжуаз тобына тиесілі. Бір өкініштісі, облыс бойынша 2018-2019 жылғы жылу маусымында иісті газдан улану салдарынан 21 адам қаза болды. Соның алтауы бала. Осындай қайғылы жағдайлардың қайталанбауы үшін қатты отынмен жылытылатын үйлерге иісті газды анықтау құрылғылары орнатылып жатыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 170 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- 16 мың сондай құрылғы орнату жоспарланған. Облыс әкімдігі керекті қаражатты бөліп, аудандарға таратып берген. Аудан әкімдіктері сол датчиктерді сатып алып, керек адамдарға орнатуда.

Хабар 24 телеарнасы