386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британиядан келген делегаттар Карлагқа барды

  • 148
  • UPD: 15:30, 17.10.2019
Британиядан келген делегаттар Карлагқа барды

Сталиндік қуғын-сүргіннің азалы тарихына айналған Қарлаг лагеріне Ұлыбритания өкілдігі ат басын тіреді.

Экскурсиядан бөлек шетелдік қонақтар жергілікті тарихшылардың жұмыстарымен де танысты. Ұлыбританиялық ғалымдар тарихи мекеме қызметкерлерін мұқият тыңдады. Олар қатаң режим құрбанына айналған жандардың сол кездегі тіршілігін көру ауыр әсер қалдырғанын айтты. Делегация мүшесінің бірі Майкл Сагатистің осыдан бірнеше жыл бұрын Уэльстен Қазақстанға келемін деген ойы да болмапты. Бірде ескі заттарды сұрыптап отырып, Ақтөбе лагерінен жазған әжесінің хатын тауып алған. Юзефа Буйдо ол жерге 70 жасында түскен. Қызыл режимнің қатаңдығын қағаз бетіне түсірген әжесінің жазбалары зерттеушіге ерекше әсер сыйлаған. Нәтижесінде ол осы жазбалар желісі бойынша көркем фильм түсіріп, тіпті әуен де жазған. 

Майкл Сагатис, «Юзефа хаттары» жобасының авторы: 

- «Юзефа тарихын зерттей отырып, зерделеп, қуғын-сүргін заманына үңілгендей болдым. Қазақстан тарихымен де таныстым. Өзім үшін тарихтың қайғылы беттерін аштым. Хаттар эмоцияға толы. Бұл жазбалардан алты баланың анасының қайғы-қасіретін аңғаруға болады.

Хабар 24 телеарнасы