387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жолақы төлеудің жаңа тәсілі сынақтан өткізілуде

  • 214
Елордада жолақы төлеудің жаңа тәсілі сынақтан өткізілуде

Елордада қоғамдық көліктерде жолақысын төлеудің жаңа тәсілі енгізіледі.

Жолаушылар FacePAY биометриялық мәліметтерді басқару жүйесі бойынша автобуста төлем жасайды. Яғни төлем бет-әлпетті тану арқылы қабылданады. Ол үшін Тelegram-да бот құрылған. Оған жеке сәйкестендіру нөмірі енгізіледі. Одан соң селфи жасап, банк картасын қосып, жүйеге кіре аласыз. Қазір жолақысын төлеудің жаңа тәсілі елордада екі автобуста техникалық тестілеуден өтіп жатыр. Әзірге биометриялық мәліметтер арқылы төлем жасаудың нақты қашан іске қосылатындығы белгісіз.

Дәурен Нұрғалиев, «Астана LRT» ЖШС басқарушы директоры:

– Техникалық тұрғыдан алғанда, бәрін ескеріп болған соң, пилоттық жоба ретінде оны енгізетін боламыз. Бұл жерде мұқтаждық жоқ. Көліктік картамен төлесеңіз де болады. Қолма-қол төлесңіз де болады. Мұның бәрі өз еркімен жасалады. 

Хабар 24 телеарнасы