431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаға қалдық шығаруы онлайн бақыланады

  • 1055
Елімізде ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаға қалдық шығаруы онлайн бақыланады

Қазақстанда бірінші санатқа жататын кәсіпорындарға арнайы датчик орнатылады.

Сол арқылы аталған кәсіпорынның қанша көлемде және қандай қалдықтар тастайтыны бақыланады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо 

«Кәсіпорындарда экологиялық мониторинг жүргізу үшін автоматтандыру жүйесі енгізілуде. Бұл дегеніміз бірінші санатқа жататын кәсіпорындарда арнайы датчик қойылады. Себебі ірі кәсіпорындар зиянды қалдықтар мен экологияға шығынды көп келтіреді. Әрбір кәсіпорындарға қою міндеттеледі және ол онлайн түрде бақыланатын болады. Нәтижесінде белгілі бір уақыт сайын құзырлы органдарға қанша қалдық тастағаны жөнінде ақпарат беріп тұруы тиіс. Біз сол арқылы қай кәсіпорынның қандай және қанша көлемде қалдық тастағанын біліп отыратын боламыз. Экологиялық кодексті бұзған жағдайды тиісті шаралар қолданылады», – деді А.Пірімқұлов. 

Вице-министрдің айтуынша, кәсіпорындардың қалдық тастау мәселесі министрліктің күн тәртібінде тұр. 

«Сондай-ақ, тағы бір маңызды дүние қалдықтарды жою, әсіресе адам өміріне қауіпті қалдықтарды. Осы орайды біз еуропалық стандартқа сәйкес жұмыс істемекпіз. Яғни қауіпті қалдықты жоятын ұйымдарға арнайы лицензия береміз және жұмыс нәтижесін солардан талап ететін боламыз. Өздеріңіз білсеңіздер елімізде соңғы уақытта табиғатты қауіпті қалдықпен ластау мәселесі жиі қозғалып жүр. Әсіресе медициналық қалдық тақырыбы көп қозғалады», – деді ол. 

Хабар 24 телеарнасы