387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Түркістан облысында 75 нысанның құрылысын жүргізіп жатыр

  • 207
  • UPD: 22:30, 17.10.2019

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Түркістан облысында 75 нысанның құрылысын жүргізіп жатыр.

Оның 68-і Арыс, қалған жетеуі Түркістан қаласында. Бүгінге дейін Арыстағы 64 әлеуметтік нысанды пайдалануға берді. Қалғаны осы айдың соңына дейін ел игілігіне ұсынылады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма басшысы Ахметжан Есімов Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында айтты.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма басшысы Ахметжан Есімов Түркістан облысына сапарын Арыс қаласынан бастады. Онда қор басшысы бірнеше нысанды аралады. Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына қор белсене ат салысты. 68 әлеуметтік нысанды қалпына келтірді. Мәселен, балабақша, мектеп, аурухана сияқты ең қажетті нысандар дер кезінде пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстар Арыс қаласы тұрғындарының көлінінен шықты.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

– Арыс қаласының азаматтары өте риза. 3-4 айдың ішінде 53 білім беру нысаны, 8 Денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны, 3 қоғамдық сақтау нысандары толық жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда 64 нысан ел игілігіне тапсырылды. Қалған нсыандар 1-2 апта ішінде тапсырылады.

Алдағы уақытта ұлттық қор Түркістан облысын газдандыру, энергетикамен қамту мәселесін қолға алмақ. Сонымен бірге цифрландыру саласына үлес қосатын болады. Бүгінгі таңда Түркістандағы 7 нысан тікелей осы қордың қаржысына салынып жатыр.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

– Ол 7 мың орындық стадион, амфитеатр, оқушылар сарайы, Қожа Ахмет Ясауи мұражайы, Сандық кеңсе, Смарт сити жобасы, байланыс жүйесін жүргізу және конгресс холл.

Сондай-ақ сапар аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» басқарма басшысы Ахметжан Есімов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оған Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешені мен электрондық сауда мен пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, Smart City дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт кіреді.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы