388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

  • 200
  • UPD: 22:32, 17.10.2019

Қызылорда облысында асыл тұқымды мал басының саны артып келеді.

Сөйтіп өңірде жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалар агросаланың дамуы серпін берді. Мәселен, Шиелі ауданының шаруалары қолдағы түлігін көбейтумен қатар жаңа жұмыс орындарын ашып жатыр.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бөлінген 52 миллион теңгеге әкелінген қалмақ сиырының бұзаулары Сыр өңірінің климатына тез бейімделіп кетті. Бабын келістіріп, жем-шөбін уақытылы салып бақсаң, әр қайсысы 400 келі ет береді, - дейді Ақмая ауылының фермері. 

Сәрсенбек Ранов, шаруа қожалығының төрағасы:

– Алғашқы кезде 53 ақбас, 37 жылқымен бастадық. 104 бас қалмақ тұқымын Буратиядан өзім барып алып қайттым. Қазіргі таңда 200 бас ірі қара, 138 жылқы бар. Қарамағымда өзімнен басқа 6 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Жоспарым келешекте бұдан да көбейту, ауылда жұмыссыз жүргендерді жұмыспен қамту.

Жалпы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша соңғы 2 жылда аймаққа мыңға жуық асыл тұқымды түлік әкелінді. 9 шаруа қожалығына 513 миллион теңге қолдау көрсетілді. 

Анабек Едіге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚФ бөлім басшысы:

– Аталған бағдарлама мүйізді ірі қараның аналығын әкеліп, шаруашылық құруға қажетті техника мен қондырғыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Фермерлерге төмен пайызбен 15 жылға 70 миллион теңге несие беріледі. Оған қоса 30 айлық жеңілдетілген мерзім белгіленеді. Бағдарлама аясында сондай-ақ 25 пайыздық кепілдендіру қарастырылған.

Жыл аяғына дейін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тағы 6 шаруашылық қаржылай көмек алады деп жоспарланып отыр. Бұл жүйелі шаралар ет экспортының әлеуетін арттыра түсетіні анық.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы