388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 40 көп балалы отбасыға үш бөлмелі пәтерлер берілді

  • 178
  • UPD: 09:17, 18.10.2019
Алматыда 40 көп балалы отбасыға үш бөлмелі пәтерлер берілді

Алматыда көп балалы 40 отбасыға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үш бөлмелі пәтерлер берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кілтті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев табыс етті. Алатау ауданына қарасты «Саялы» ықшам ауданында салынған жаңа үйлер ұзақ жылдан бері пәтер кезегінде тұрып келген көпбалалы тұрғындарға үлестірілді.

Айта кетейік, жаңа үйлер жеңілдетілген бағамен жалға беріліп отыр. Яғни, пәтер иелері айына 16 мың теңге төлеп тұрады. «Жыл соңына дейін осы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасыларға тағы 60-70 пәтер береміз», - дейді қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының мамандары. Жалпы жыл басынан бері қалада 100-ден аса жанұя «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспаналы болған екен.

Анар Ошақбаева, «Алтын алқа» иегері:

Өте ұзақ күттім. 9 жылдан 10 жылға кетті десем болады. Он жылдай уақыт күттік. Сегіз баланың анасымын. Ағайындарымыздың үйінде тұрдық. Пәтер жалдап тұрдық. Өте ұзақ тұрдық. Қазір Аллаға шүкір, бала-шағамызбен қуанып жатырмыз. Үлкен рахметімді айтамын. Толқып сөйлей алмай тұрмын, шынын айтсам.

Хабар 24 телеарнасы