386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда ауада қалқып тұратын шәйнек субұрқағы орнатылды

  • 338
  • UPD: 09:21, 18.10.2019
Түркістанда ауада қалқып тұратын шәйнек субұрқағы орнатылды

Жыл басынан бері Түркістан қаласында облыс әкімінің тапсырмасымен 10-нан астам саябақ пен субұрқақ салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішіндегі ең қазақы нақышта бейнеленгені – шәйнек формасындағы субұрқақ. Онда ауада қалқып тұрған шәйнектен кесеге шәй құйып жатқаны көрініс берген. Ұлттық оюмен өрнектелген шәйнек Түркістан қаласы тұрғындарының да көңілінен шықты. Кешелі бері субұрқақтың маңайында халықтың қарасы қалың. Көбі суретке түсіп, әлеуметтік желілер арқылы өз пікірлерін білдіріп жатыр. Заманауи ерекше субұрқақ елімізде алғаш рет бой көтерді. Мыстан жасалған жаңа фонтанның биіктігі – 6, ал ені – 7 метр. Қағаз бетіне түсірілген тың дүниені шынайы үйлестіруге 15 жұмысшы атсалысты. Әлі де толықтыруды қажет ететін субұрқақ бүгінде сынақ ретінде іске қосылды. Жақын арада толықтай аяқталып, түнгі уақытта түрлі түске еніп, кешкі қаланың ажарын айшықтай түсетін болады.

Хабар 24 телеарнасы