420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен сыйлық сертификатын қалай алуға болады

  • 803
  • UPD: 15:10, 18.10.2019
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен сыйлық сертификатын қалай алуға болады

Сыйлық сертификаты – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа өнімі.

Аталған жоба 2019 жылдың наурыз айында іске қосылды. Бүгінде жалпы мөлшері 91 млн теңге сомасына шамамен 3 500 сертификат сатып алынды.

Сертификаттың ең төменгі сомасы 5 мың теңгені құраса, ал максималды сомасына шектеу қойылмаған. Осы орайда, банкте құны 5 млн.теңгені құрайтын сыйлық сертификатын сатып алған жағдайдың болғанын айта кеткен жөн. Негізі, аталған сертификатты көбінесе екі жастың үйлену тойларына, туған күндер мен басқа да отбасылық мерекеге сыйлық ретінде сатып алуда.

Сыйлық сертификатын қалай сатып алуға болады? Ол үшін:

1.Жақын маңдағы банк бөлімшесіне жеке куәлігіңізбен барыңыз.
2.Сертификат алу үшін арнайы өтінішті толтырып, тұрғын үй құрылыс жинақтары келісімшартына қол қойыңыз.
3.Сертификат сомасын анықтап, кассада төлем жасаңыз да, сыйлық сертификатын алыңыз.

Сыйлық сертификатын қалай активтендіру қажет? Ол үшін:

1. Жақын маңдағы банк бөлімшесіне сертификаттың түпнұсқасы мен жеке куәлігіңізді алып барыңыз.
2. Тұрғын үй құрылыс жинақтары келісімшартын өз атыңызға қайта рәсімдеңіз (өйткені, келісімшарт банкте сертификатты сыйға алған адамның атына ашылған)
3. Келісімшартты активтендірген уақытта, сіз тегін түрде келісімшарт сомасын ұлғайтып, қаражатты жинау
мерзімін ұзарта аласыз.

Сыйлық сертификаты 3 айға дейін жарамды. Егер ол осы мерзім ішінде активтендірілмесе, онда оның сомасы автоматты түрде осы сертификатты сыйлық ретінде сатып алған адамның атында депозит түрінде қалады.

Хабар 24 телеарнасы