388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Алматы облысынан 2 мыңға жуық жас әскерге аттанады

  • 147
  • UPD: 14:07, 18.10.2019
Биыл Алматы облысынан 2 мыңға жуық жас әскерге аттанады

Алматы облысынан биыл 2 мыңға жуық жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі күнге дейін соның 500-і медициналық тексерістен өткен. Олардың психологиялық шыдамдылығы денсаулығының жарамдылығы, алған білімі мен отбасылық жағдайы сараланды. Талдықорғанда қарулы күштер қатарына алынғалы отырған жастарды шығарып салу рәсімі өтті.

Енді олар шекара шебінде, Ұлттық ұлан сапында және өзге де әскери құрылымда қызмет етеді. «Жас сарбаз – ел тірегі» атты шарада мектеп оқушылары патриоттық қоғамдық бірлестіктің мүшелігіне өтті. Жасөспірімдерге арнайы куәліктер салтанатты жағдайда табыс етілді. Айта кетейік, өңірдегі 600-ден аса білім ордасының барлығында патриоттық клуб жұмыс істейді.

Нығмет Айдарұлы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшесі:

- Жас сарбаз сыныбына кіругі ант қабылдауға екі ай дайындалдық Мен ант қабылдағаныма қуанышты болып тұрмын. Біз бұл формамен 11-сыныпқа дейін оқимыз. Одан кейін әскери жігіт болғым келеді.

Ерен Мейренбеков, қалалық қорғаныс істері басқармасының басшысы:

- Талдықорған қаласы бойынша 31 мектепте «Жас сарбаз» ұйымы құрылған. Жас сарбаздың құрылу мақсаты жастарымызды әскери патриоттық тәрбиеде баулу.

Хабар 24 телеарнасы