386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда отбасылық құндылықтар институты құрылады

  • 186
  • UPD: 15:19, 18.10.2019
Нұр-Сұлтанда отбасылық құндылықтар институты құрылады

Орталық қараша айының бас кезінде көпшілікке қызмет көрсете бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар отбасында қиындықтары бар ерлі-зайыптыларды татуластыруға, олардың өзара тіл табысуына көмектеспек. Ниет танытқандар психологтардың көмегіне тегін жүгіне алады. Одан бөлек, оларға ақысыз тренингтерге қатысу мүмкіндігі беріледі. Мамандар осылайша, отбасылық құндылықтарды сақтап қалуға, ажырасып жатқандардың санын азайтуға үлес қоса аламыз дейді.

Дана Әбілдина, отбасылық құндылықтар институтының негізін қалаушы:

Барлық қызмет тегін көрсетіледі. Орталықта тренингтер, арнайы дәрістер өткіземіз. Институтқа келе алмайтын жандар үшін онлайн сабақтар қарастырылған. Айына бір рет қоғам белсенділерімен және жомарт жандармен кездесу өткізіледі. Ондағы мақсат – таршылық көріп отырғандарға қол ұшын созу.

Хабар 24 телеарнасы