419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

  • 1009
  • UPD: 16:13, 18.10.2019
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі Мәншүк Аймұрзиеваның отставкаға кетуін түсіндірді,, деп хабарлайды Tengrinews.kz Атырау облысының әкімдігіне сілтеме жасап

«Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөледі, жыл сайын дәрігерлердің мұқтаждықтарына қарай қажетті қаражат бөлінеді, қаржыландыру өсіп жатыр, перзентханалардың, ауруханалар мен медициналық мекемелердің қажеттіліктері шешіліп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы талаптарды барлық нормаларға сай орындау бойынша жұмыс істеу үстінде. Кінәлілердің барлығына тиісті шаралар қолданылады. Денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары қатаң сөгіс алды», – деді баспасөз қызметі өкілі.

Еске салсақ, Атырау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі жергілікті дәрігерлер құжатты қайта жасамау үшін сәбиді өлтірді деген мәлімдемесінен кейін дау туған.

Кейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов басқарма басшысын қызметінен босатуды ұсынды. Алайда келесі күні мәлімдеме жасады. Ол Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысын жалғастыратынын айтып, асығыс шешім шығармауды сұрады, сәбидің өлімімен құзыретті органдар айналысты. 

Хабар 24 телеарнасы