422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қызылша ауруынан соңғы бір жылда 19 адам қайтыс болды

  • 623
  • UPD: 16:57, 18.10.2019
Елімізде қызылша ауруынан соңғы бір жылда 19 адам қайтыс болды

Қазақстанда қызылша ауруынан соңғы бір жылда 19 адам қайтыс болды. Соның ішінде 17 бала осы дерттен көз жұмған.

Олардың барлығы да екпе алмаған болып шықты. Бұл туралы бүгін еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Өткен тоғыз айда 10 896 адамнан қызылша белгілері анықталған. Олардың басым бөлігі балалар. Бекшин ел арасында егуге қарсы ақпарат жүріп жатқанын да тілге тиек етті.

«Екпенің тиімділігіне сенбейтін және діни көзқарасын алға тартатын ата-аналар көп кездеседі» дейді Бекшин. Бірақ олармен жеке-жеке жұмыс істеудің нәтижесінде бұл көрсеткіш төмендепті. Қазір әлем бойынша қызылша ауры өршіп барады. Сондықтан елімізде сәуір айынан бастап, қызылшаға қарсы егу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде тоғыз айлық нәрестеден бастап, 20-29 жасқа дейінгі 700 мыңға тарта адам екпеден өтті. Жандарбек Бекшин биыл Қазақстан аумағында ешқашан кездеспеген вирустың жаңа екі түрі анықталғанын да мәлімдеді. Бас санитар жұртты қауіпті індеттен сақ болу үшін екпе алуға шақырды.  

Жандарбек Бекшин, ҚР БАС Мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Қызылшаның өршуінің негізгі себебі қоғамымызда вакцинациядан өтпеген адамдар көбейіп бара жатыр. Қоғамдық иммунитет азайып бара жатыр. Соған байланысты ауру да көбейіп бара жатыр. Қыркүйек айында тағы 2 млн доза алып, қазір 20-29 жас аралығындағы біздің азаматтарды егіп жатырмыз. Қазір 700 мың адам егілді. Наурыз айымен салыстырсақ, қыркүйек айында қызылша ауруы жеті есе төмендеді. Міне тағы бір егудің тиімділігін айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы