376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қатаң сөгіс алды

  • 332
  • UPD: 19:56, 18.10.2019

Атырау облыстық перзентханасындағы дау-дамайдан кейін денсаулық басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева өз еркімен қызметінен кетті.

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан барлық нормаларды талапқа сәйкестендіру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Перзентхана жұмысына және өз міндетіне салғырттықпен қараған кінәлілердің барлығына қатаң шара қолданылады. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің бірінші орынбасарына да бүгін қатаң сөгіс берілді.  

Серік Ерментаев, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласына айрықша назар аударып келеді, жыл сайын дәрігерлердің қажеттіліктеріне қаражат бөлініп, қаржыландыру мөлшері артып отыр, перзентханалар мен ауруханалардың, медициналықұйымдардың  жұмыстарына толық қолдау көрсетілуде. Болған жағдайды тексеру шаралары салаға жауапты мекеме басшыларының жіті назарында болады.

Хабар 24 телеарнасы