412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жыл сайын мыңнан астам әйел отбасында зәбір көреді

  • 379
  • UPD: 20:54, 18.10.2019

Бұл көрсеткіш құзырлы органдарға арызданғандары ғана.

Қоғамдық ұйымдардың өкілдері шынайы көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін деседі. Өіткені күйеуінен зардап шеккендер көбіне полицияға шағым түсіре бермейді. Жалпы отбасында зәбір көрген келіншектерді қорғау мақсатында аймақтағы 3 дағдарыс орталығына биыл 32 млн теңге бөлінген. Оларда қазір 30 әйел мен 40 шақты бала тұрып жатыр. Бірақ өңірдің оңтүстік аудандарында бірде-бір қолдау орталығы жоқ. Тіпті Көкшетауың өзінде зәбір көрген әйелдер көп бола тұра, олар үшін тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды уақытша орналастыру мекемесінен бірнеше бөлме ғана бөлінген. 

Дәмелі Қойшина, қоғам қайраткері:

- Енді өзімнің тәжірибем бойынша айтарым, берілген осы мемлекеттік қаражатты бөлген уақытта, біріншіден, қай ауданда арыз көп, қай ауданда тек қана полицияға емес берілген арыздар, қоғамдық бірлестіктерге берілген арыздарды қарастырып, барлығын сараптап, содан кейін ғана бөлу керек ол ақшаны.

Хабар 24 телеарнасы