389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік отбасыларда қандай ерлердің жанұя шырқын жиі бұзатыны анықталды

  • 147
  • UPD: 20:59, 18.10.2019

Ақтөбеде биыл үш мыңға жуық әйел тұрмыста жанжал көріп, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Бұрымдыларды соққыға жығып, әлімжеттік жасайтындар негізінен азаматтық некедегілер, сосын жұмыссыздар мен спирттік ішімдіктің құлына айналғандар.

Дағдарыс орталығы тұрғындарының тағдырлары бір-біріне ұқсас келеді. Бірнеше жыл бойы күйеуінен зәбір көріп, күндіз-түні психологиялық қысымнан күйзеліс үстінде жүреді. Айтеке би ауданынан жеткен кезекті тұрғынды да сенген серігі соққыға жыққан. Тіпті жүрегінің астында нәрестенің өсіп келе жатқандығы да тоқтау болмапты.

Аяғым ауыр кезімде күйеуім ұрып соқты. Үйге ақшасын әкелмейді, продукты, ештеңе әкелмейді. Ақшасын өзіне өзі құртады, үйге қонбайды. Содан кейін қызымды босанғаннан кейін, қызымның 14 күнінде осы жерге түстім. Прокуратура келіп, осы жерге алып келді. Осы жердегілер документімді жасап, бәріне көмектесті. Осы жердегі кісілер ұлыма, қызыма куәліктерін алып берді. 

Мемлекеттік дағдарыс орталығы бір жарым жыл бұрын ашылған. Осы уақыт аралығында қиындыққа душар болған елуден астам азамат көмек сұрай келіпті. Олардың жартысынан көбі уақыт өте отбасына оралған. Алайда, орталықтан пана іздеп бірнеше рет келгендері де бар. 

Гүлфат Рахметалина, дағдарыс орталығының психологы:

- Қызмет алушылар осы депрессияға ұшырап, келгеннен кейін 2-3 күннен кейін кішкене қалпына келеді. өздері ашыла бастайды. негізі деген зорлық зомбылық көргеннен кейін, бірнеше жыл оның барлығын өздерінде сақтап келгеннен кейін де сразу қалыпқа келеді деп айта алмаймыгн. Бірнеше уақыттан кейін ашыла бастайды әйел адамдары. Оның ішінде балалар да бар.

Ақтөбе облысы бойынша жыл басынан үш мыңға жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Бірақ бұл тәртіп сақшыларының ресми статистикасы ғана. Ақиқаттың бұл мәліметтермен жанаспайтындығын полицейлер де мойындап отыр. Себебі нәзік жандылар отбасындағы ойранды көпшілікке жеткізбеуге тырысады. 

Ақгүл Хасанғалиева,  облыстық полиция департаментінің инспекторы:

- Зорлық-зомбылық жұмыс жасамайтын азаматтармен немесе жұмыста жоқ, жартылай уақытылы жұмыста, жалдамалы жұмыста болатын азаматтардың ішімдік ішуімен байланысты, нашақорлығына байланысты осындай фактілер тіркеліп тұр. Бүгінде полиция қызметкерлері үш мың жарым қорғау нұсқамаларын берген. Бұл өткен жылға қарағанда 200 фактіге көп. 

Психолог мамандар әйелдердің үнсіз қалып, жанайқайын жасыруының бірнеше себебін айтады. Бірінші кезекте ол балаларының толық отбасында тәрбиеленуін қалау, екіншіден,  жанұясына жексұрын боп көрінген азаматтарға материалдық тәуелділік. Қоғамның мінеуімен де санасатындар көп.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айсұлу Махмутова, Айбек Даутов

Хабар 24 телеарнасы