387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысы елдегі құс етінің 30%-ін өндіруді көздеп отыр

  • 211
  • UPD: 21:55, 18.10.2019
Ақмола облысы елдегі құс етінің 30%-ін өндіруді көздеп отыр

Ақмола облысы республикадағы құс етінің 30 процентін өндіруді жоспарлап отыр. Макинск құс фабрикасы осы жылдың соңына дейін өндіріс көлемін 50 мың тоннаға жеткізбек.

Алдағы 3-4 жылда бұл көрсеткіш тағы 150 мың тоннаға ұлғаяды. Бұл туралы «Дамудың жаңа аумағы: Макинск» атты бизнес-форумда айтылды. Мемлекет пен бизнес өкілдері осылайша еліміздің солтүстік өңірінде ет өндірісі кластерін құруды көздейді.

Айта кетейік, Ақмола облысындағы құс етін шығаратын кәсіпорын өткен жылы іске қосылған. Бұл жолғы форум барысында тараптар бірқатар меморандумға қол қойды. Отандық және шетелдік инвесторлар мен әкімдік құс фабрикасының 2 және 3-кезеңін салу, Макинск қаласын дамыту, жастарды оқытып, кәсіби біліктілігін арттыру бағытында иық тіресіп жұмыс істеуге уағдаласты.               

Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Инвесторларды қаншама шетелден алып келсек, оны өңірлерге жібереміз. өңірлерде жұмыс жасалмаса, олрға ешкім көмектеспесе, инвесторлар жөнінде ештеңе айтуға болмайды.  Инвестиция көлемі 2018 жылы біз 24 млрд ақш долларын тарқанбыз. 5 жылдың ішінде 24 млрд долларға көтеуіміз керекпіз.

Хабар 24 телеарнасы