388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы тұрғын үйлердің жертөлесін маса қаптады

  • 122
  • UPD: 23:52, 18.10.2019

Қыс қыр астында. Қара суық өңменіңнен өтсе де мұнайлы өлкенің масалары әлі күнге тыным бермей тұр. Мамандар мұны көп қабатты үйлердің жертөлелерінде жиналып қалған сумен байланыстырады.

Өйткені Атыраудағы жертөле атаулыға ондаған жылдар бойына адамның қолы тимеген. Яғни тазалық жоқ. Көпшілігін белуардан су басып жатыр. Мұндай ылғалды жер масаның қаптауына қолайлы. 

Табиғи жағдайда масалар тек 10-15 тәулік аралығында өсіп-өнеді. Ал жертөлелердегі масалардың күшіне енуі үшін 2-3 күн ғана жетіп жатыр. Одан кейін қансорғыш жәндіктер үйдің кіреберісі мен пәтерлердің ішін толық басып алады.  

Мая Балымқұлова, қала тұрғыны:

- Міне күз келседе масалар ешқайда жоғалып кеткен жоқ. Подьдезде де үйдедде толып тұр. Оларды өлтіруге ешқандай у дәріде көмектесе алмайды.  Балалар түнімен ұйықтай алмай шығады. Ешқандай көмек жоқ.  

 Ксм. Жұртшылық тұрғын-үй шаруашылығы коммуналдық мекемесіне барғанымен жертөлелердегі суды сорып алуға ешқандай көмек келмеген. Ал жертөленің масалары анау-мынау дәріге өле қоймайды, сонымен қатар  жұқпалы аурулардың тез таралуына да қауіп басым. Қазір маса улаушы мекеме өкілдері жалпы қалалық дезинфекция жұмыстарын жүргізуді қолға алмақ ниетте. 

Айнагүл Дәулетиярова, энтомолог:

- Дезинфекциялау жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Бұл жұмыстар желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі. Егер тұрғындардан шағым түссе біздің арнайы мобильдік топ мүшелері барып улау жұмыстары жүргізеді.

Дегенмен, тұрғындардың барлығының өтініші орындалып біткен жоқ. Ресми мекемелердің құрғақ уәдесін күтуден шаршаған қарапайым халық әзірге зиянкестерді өз күштерімен жоюға мәжбүр. Атап айту қажет, биыл жыл басында тек маса улау жұмыстарына қалалық бюджеттен 129 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген болатын.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы