388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда нан бағасы бірден 20 теңгеге қымбаттап кетті

  • 195
  • UPD: 07:29, 19.10.2019
Атырауда нан бағасы бірден 20 теңгеге қымбаттап кетті

Атырауда әлеуметтік нан бағасы бірден 20 теңгеге қымбаттап кетті.

Наубайханашылар мұны 1 сұрыпты ұнның қымбаттауымен байланыстырады. Әзірге облыс орталығындағы екі ірі наубайхана өкілдері нан бағасын көтеруді жоспарлап отыр. Бұған дейін қарапайым халық тұтынатын ең арзан нан бағасы 75 теңге болған-ды. Енді алдағы дүйсенбіден бастап ол баға 95 теңгеге көтеріледі. Жергілікті атқарушы билік өкілдері әлеуметтік нан бағасының көтерілмеуі мақсатында ірі наубайханалар арасында нан өнімдерінің құнын төмендету туралы келісімге келмек. Нан пісіретін кәсіпорын өкілдерінің айутынша, бұл үшін ең алдымен жоғары сұранысқа ие 1 сұрыпты ұнның бағасын жергілікті наубайханаларға төмендетіп беруі шаралары қолға алыну тиіс.    

Талғат Қощанов, наубайхана директоры:

– Ұнның бағасы бірден 25% дейін өсіп кетті. Бұрын килограмына 115 теңге болып келсе, қазір килограмына 140 теңгеге жетті. Бұрын нанның өзіндік құны 70 теңге босла, сауда орындарында ол 75 теңгеден сатылатын. Енді біз бастапқы бағаны 90 теңгеге көтеріп, дүкендер оны 95 теңгеден саудаға шығаратын болады.

Хабар 24 телеарнасы